Accessibility links

Девальвациядан кейін тауар қымбаттады


Дүкендегі бағалар
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:49 0:00
Жүктеп алу

Азаттық тілшісі тұрмыстық электроникалық бұйымдар және құрылыс жабдықтарын сататын дүкендерге барып қайтты. Алматы, 12 ақпан 2014 жыл.

Теңге девальвацияға ұшырағаннан кейін импорттық тұрмыс тауарлары құны бірден 20 пайызға қымбаттады. Алматының кей дүкендерінде наннан өзге азық-түлік бағасы да өсті.

Азаттық тілшісі сәрсенбі, қаңтардың 12-сі күні Алматыдағы тұрмыстық тауарлар сататын «Sulpak» сауда желісінің Сүйінбай көшесіндегі бөлімшесіне кіргенде электронды техника тауарлары бағасының өзгергенін көзі шалды. Мұны сауда дүкенінің менеджерлері де растады.

– Мына теледидар бұрын 79 мың болған. Кешеден бастап бағасы 97 мың 406 теңгеге өсті, – дейді дүкен қызметкерлерінің бірі.

Ал Сәтпаев көшесінің бойындағы «Технодом» сауда үйінде электронды техника ғана емес, күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар да қымбаттаған.

Алматыда тұрмыстық заттар ғана емес, құрылыс материалдары да қымбаттады. Азаттық тілшісі қаладағы «Комфорт» гипермаркетінде құрылыс тауарларының бағасы 20 пайызға артқанын көрді.

«ЕРТЕҢ НЕ БОЛАРЫН ЕШКІМ БІЛМЕЙДІ»

Теңге девальвацияға ұшыраған 11 ақпан күні жұмысы тоқтап қалған интернет-дүкендер 12 ақпанда біртіндеп жұмыс істей бастады. Телефон сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі Мақсат ұялы телефондардың бағасы 20 пайызға қымбаттағанын айтты.

– Қазақстанда бірде-бір телефон жасалмайды. Барлығын шетелден
Теңгенің девальвацияға ұшырауына наразы жұрт ұлттық банк алдында жиналып тұр. Алматы, 12 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Теңгенің девальвацияға ұшырауына наразы жұрт ұлттық банк алдында жиналып тұр. Алматы, 12 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
импорттаймыз. Сол себепті сайтта тұрған бағалар 20 пайызға қымбаттайды, – дейді ол Азаттық тілшісіне.

«Бұған дейін сатып алынған, қоймада жатқан тауарларға девальвация қалай әсер етеді?» деген сұраққа:

– Қоймада заттар соншалықты көп емес. Оның үстіне ертең не болатынын ешкім білмейді. Бәрі сенімсіз. Барлығы да қазір қандай баға қоярын білмей абдырап тұр. Автосалондарды қараңыз, қандай баға қоярын білмей дағдарып жатыр, – деп жауап берді Мақсат.

Қазақстан аумағында қызмет көрсететін тағы бір интернет-дүкен девальвация каталогтағы тауарлардың 20 пайызына ғана әсер еткенін айтты.

– Барлығын тұтастай қымбаттатып жатқан өзге интернет-дүкендерге қарағанда біз қоймадағы кейбір заттардың құнын сол күйінше қалдырдық. Сондықтан мұнда баға ала-құла, – дейді интернет-дүкен өкілі Данияр.

«ЕШТЕҢЕ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ» – «БӘРІ ҚЫМБАТТАЙДЫ»

Сәрсенбі күні кейбір ресми сайттарда азық-түлік пен жанар-жағар майдың қымбаттауына жол бермеу жөнінде хабарламалар пайда болды. Ақпанның 12-сі күні премьер-министр Серік Ахметовтің «Астанадағы дүкендерді аралап, азық-түліктің қымбаттамағанына көз жеткізгені» де хабарланды.

Жергілікті ақпарат агенттіктері «сәрсенбі күні елде нан, сүт, ет, бензин бағасы өзгермегенін» мәлімдеді. Бірақ Алматыдағы бірнеше дүкенді аралап шыққан Азаттық тілшісі наннан басқа азық-түліктің де қымбаттап кеткенін байқады.

Ақпанның 12-сі күні әлеуметтік желілерде кейбір жерлерде картоп қымбаттағаны туралы жазбалар шықты. Дәурен Бабамұратов есімді Facebook қолданушысы
Ақша айырбастау орны алдынан өтіп бара жатқан адам. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.
Ақша айырбастау орны алдынан өтіп бара жатқан адам. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.
«өз елімізде өскен картоп та 20 теңгеге қымбаттапты» деп таңданған көршісіне былай деп жауап бергенін жазады: «Бізде өзіміздің картошка жоқ! 60-80 пайызын долларға Қытай мен Қырғызстан, тіпті Пәкістаннан сатып аламыз. Өз картошкамыз (нарынқолдық, қоғалылық, керекулік) ішкі сұраныстың 20 пайызын да жаппайды. Сондықтан не бар, бәрі қымбаттайды!».

Қасым Аманжолұлы есімді қолданушының Facebook-тегі жазбасы да халықтың қымбатшылық жайлы қаупін аңғартады.

«Ахметов-келімбетов-досаев-сұлтановтардың өте ақылды, қамқор – «ештеңе қымбаттамайды» деген сөздерін тыңдадым. Шынымды айтайын, сене алмадым. Жұмыстан қайтарда жолай соққан супермаркеттегі ұн тағамдарындағы иінтірес пен кассадағы қыздың: «Бәрі қымбаттағалы жатыр» деген бір ауыз сөзі өтімдірек көрінгендей...» дейді ол.

Ұлттық банк ақпанның 11-і күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартып, доллар бағамын 185 теңге деп белгілеген еді. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің құнсыздануын «әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздықпен, Ресей рублінің арзандауымен» түсіндірген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG