Accessibility links

Шымкент соты "терроризмді насихаттады" деген күдікке ілінген тұрғынның ісін қарай бастады 


Терроризмді насихаттады деген айыппен сотқа жеткізілген Сайдумар Ибрагимов. Шымкент, 19 сәуір 2024 жыл.
Терроризмді насихаттады деген айыппен сотқа жеткізілген Сайдумар Ибрагимов. Шымкент, 19 сәуір 2024 жыл.

19 сәуір күні Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "терроризмді насихаттады" деген күдікке ілініп, қамауға алынған 42 жастағы Сайдумар Ибрагимовтың ісін қарай бастады. Айыптаушылардың айтуынша, ол TikTok желісі арқылы Қазақстанда террористік деп танылған "Ислам мемлекетін" насихаттаған", "жиһадқа шақырған" видеолар бөліскен.

Прокурордың айтуынша, Ибрагимов Қылмыстық кодекстің “Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру” бабымен (256-бап) айыпталған. Ол 2023 жылдың қараша айында TikTok желісіндегі аккаунтында видеолар бөлісіп, “діни уәждер бойынша өзін-өзін құрбан ету, соғыс және зорлық-зомбылық идеялары бар материалдарды заңсыз таратқан”. Қазақстанда тыйым салынған “Ислам мемлекетін” насихаттаған, жұртты “жиһадқа шақырған”.

Ибрагимов тағылған айыпты ішінара мойындайды. Ол бірнеше видео таратқанымен, оның мазмұнын түсінбегенін айтады. “Бұл видеолардың террористік мәні бар екенін білмедім” деді ол сотта.

Ибрагимовтың кәмелет жасына толмаған төрт баласы бар. Цех ашып, жеке кәсіппен айналысқан. Бұдан бұрын “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бабымен сотталып, бас бостандығы шектелген.

Қылмысы дәлелденсе, күдікті 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG