Accessibility links

24 қаңтаршының ісі: ҰҚК шекара қызметі шағымды қайтару жөнінде өтініш түсірді


Алматының Алатау аудандық сотында 2022 жылдың Қаңтар оқиғасы бойынша шартты сотталған 24 адам жауапкер танылған іс қаралып жатыр. Сотқа шағымды ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті түсірген.

19 сәуірде процеске қатысқан қорғау тарабының өкілі Ерлан Қалиев Азаттыққа жұма күні сот отырысы әңгіме түрінде өткенін айтты. Қалиевтің сөзінше, адвокаттар процессуалдық заңбұзушылықтарды атап көрсеткен.

"Талаптың нақты кімге қойылғаны белгісіз. Жауапкерлердің ҰҚК шекара қызметіне материалдық шығын келтіргені қалай расталғаны анық емес" деді ол.

Оның сөзінше, сот процесті шегеруді жөн көрген. Сот шағым түсірушілерге 26 сәуірге дейін уақыт беріп, шағымды қайтарып, ондағы кемшіліктерді түзеуге кеңес берді. Түстен кейін шағым берушінің шағымды қайтару туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Азаттық шағым беруші жақтың өкілі Ілияс Мұратбековтің қолы бар өтініштің көшірмесімен танысып шықты. Онда шағым беруші жақ келесі өтінішті "нақтырақ әрі негіздеп беру үшін" оны қайтарғысы келетіндігі айтылған.

Былтыр қараша айында ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің шағымы негізінде Алматы әскери сотында Қаңтар бойынша шартты түрде сотталған 24 адамның ісі бойынша азаматтық іс қарала бастаған. Шағым беруші әрбір жауапкерден 6 млн-нан астам материалдық өтемақы талап еткен. Шағымда көрсетілген жалпы шығын көлемі 147 358 220 теңге (қазіргі бағам бойынша шамамен 330 мың АҚШ доллары).

Департаменттің айтуынша, Қаңтар кезінде "митингіге шыққандардың заңсыз әрекетінің салдарынан әскери мүлік бүлініп, жойылған: әскери техникалар жарамсыз болып қалған". Тәртіпсіздікке қатысушылардың "әскери жабдықтарды иемденгені" айтылды. Шағымда олардың тізімі де көрсетілген: бронежилет, шлем, сауыт және тағы басқа.

Қорғау тарабы сол кезде жауапкерлердің ешқайсысы әскери қызметкер болмағандықтан істі азаматтық сотқа беруді сұраған.

"25 қаңтаршының ісі" бойынша сот үкімі 2023 жылы мамырда шықты. 2022 жылдың 5 қаңтарда Алматыда атып өлтірілген Дцман Қанатбекті сот кінәлі танып, қаза болуына байланысты жауапкершіліктен босатқан. Қалған 24 айыпталушылыға сот шартты жаза берді.

Видео: "Балапаным, кешір". Марқұм ұлы сотталған әкенің шері (14 маусым 2023 жыл).

"Балапаным, кешір". Марқұм ұлы сотталған әкенің шері
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:45 0:00

XS
SM
MD
LG