Accessibility links

АҚШ Украинаға алысқа ұшатын ATACMS ракеталарын жасырын берген


АҚШ наурыздан бастап Украинаға 300 шақырымға дейін ұшатын ATACMS ракеталарын берген. Бұл жөнінде Американың жоғары лауазымды шенеуніктері мәлімдеді. Бұл мәлімет ресми түрде айтылмады. Бұған дейін АҚШ 2023 жылдың күзінен бері Украинаға 160 шақырымға дейін ұшатын ракеталарын ғана тасымалданғаны айтылып келген.

Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, алысқа ұшатын ракеталар биыл наурызда мақұлданған 300 миллион долларлық әскри көмек пакетіне кірген. Reuters-дің жазуынша, Украина осыған дейін бұл ракеталарды екі рет пайдаланған. Дәл осы ракета 17 сәуірде аннексияланған Қырымның әскери аэродромына соққы жасалған кезде пайдаланылған. Ол Украина шекарасынан 165 шақырым жерде орналасқан.

Шенеуніктердің сөзінше, Украина жағы аталған ракеталарды тек Украина аумағында ғана қолдануға уәде берген.

Байден әкімшілігі Украинаға алысқа ұшатын ракеталарды беру қаншалықты заңды болатынын бірнеше ай талқылаған. Пентагон бұл Американың қорғаныс қабілетін нашарлатып жібере ме деп қауіптеніп, қарсы болған. Бұған қоса, Украина ATACMS ракеталарын Ресейдегі нысандарға соққы жасау үшін пайдалана ма деген қауіп айтылған.

Ресейдің желтоқсан мен қаңтарда Украинаға шабуыл жасау үшін Солтүстік Кореяның алысқа ұшатын зымырандарын қолдана бастағаны әкімшілік шешіміне әсер еткен. Ақпанның ортасында президент Байден ұлттық қауіпсіздік кеңесімен кездесіп, Украинаға алыс қашықтағы ATACMS-ті жеткізуді мақұлдаған.

Шенеуніктердің айтуынша, мұндай ракеталар 24 сәуірде Байден қол қойған 61 млрд доллар көлемінде әскери көмек қарастырылған жаңа пакетке де кіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG