Accessibility links

Белгород облысында дрон шабуылынан алты адам қаза тапты, 35 адам жараланды


Ресейдің Белгород облысында автокөліктерге түскен дрондардан алты адам қаза тауып, тағы 35 адам жараланды. Бұл туралы облыс губернаторы Вячеслав Гладков хабарлады. Ол шабуылға Украинаны айыптады.

Гладковтың айтуынша, дрон-камикадзелер жолда жүріп бара жатқан екі "Газельге" және шекара маңында орналасқан Березовка ауылындағы жеңіл көлікке түскен. Аймақтағы жедел штабтың ақпаратынша, көліктердің ішінде жергілікті шошқа бағатын шаруашылықтың жұмысшылары болған.

Жараланғандар арасында екі бала бар. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізген, біреуінің жағдайы ауыр екені айтылды.

Ресей қорғаныс министрлігі 6 мамырда дрондарды жойғаны туралы хабарламады.

  • Ресей Украинаға басып кіргелі шекарадағы аймақтар шабуылға жиі ұшырайды. Ресей қорғаныс министрлігі Украина шабуылының "жолын кескені" жөнінде есеп береді және Ресей аумағында зымырандар мен дрондарды атып түсіргенін хабарлап тұрады. Шабуылардан бүлінген ғимараттар да, қаза болған тұрғындар да бар. Киев шабуылдар бойынша көбіне пікір бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG