Accessibility links

Ұлыбритания ресейлік атташені елден шығарады


Ұлыбритания Ресейдің әскери атташесін елден шығарып, Ресеймен байланысты кейбір жылжымайтын мүлікті дипломатиялық мәртебесінен айыратынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

Британ парламентінде сөйлеген сөзінде ішкі істер министрі Джеймс Клеверли ресейлік атташені "әскери барлаудың мәлімделмеген қызметкері" деп атады. Ресейдің Ұлыбританиядағы елшілігі жанындағы атташе лауазымын полковник Максим Еловик атқарып жүр.

Ұлыбритания Ресей атташесін елден шығаратыны туралы ақпаратқа байланысты түсініктеме берген Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Мәскеу Лондонның әрекетіне "барабар жауап" беретінін айтты.

Бұған қоса Лондон ресейлік дипломаттарға виза беруге шектеу енгізіп, олардың Ұлыбританияда болу мерзімін қысқартуға ниетті. Джеймс Клеверли "Ресейдің Ұлыбритания мен Еуропадағы зиянды қылығының" салдары осындай деп түсіндірді.

Сәуірде Ұлыбританияда бес адамды "Ресей мүддесін көздеп дұшпандық әрекет" жасады деп айыптаған. Корольдік прокуратураның дерегінше, олар Украинамен байланысты коммерциялық нысанды өртемек болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG