Accessibility links

Министр Школьник: Қазақстан АЭС-ке әзір мұқтаж емес


Энергетика министрі Владимир Школьник.
Энергетика министрі Владимир Школьник.

Қазақстан атом электр станциясын (АЭС) жедел салатындай электр энергиясына аса мұқтаж емес деп мәлімдеді елдің энергетика министрі Владимир Школьник. Бұл туралы бүгін жергілікті агенттіктер хабарлады.

«АЭС мәселесін қазір Ресеймен ғана емес, басқа елдермен де қарастырып жатырмыз. Бірақ барлық нәрсені біздің энергия балансымыз анықтайды. Бізде қазір артық қуатымыз бар. Біз энергияның басқа көздерін дамыттық. АЭС салу туралы мәселе экономикалық жағдайға, сыртқы нарықтың өзгеруіне, экономикамыздың өсіміне байланысты шешіледі» деген Школьник журналистерге.

Қазақстан билігі бұған дейін елде екі АЭС салуға ниет білдірген. 2014 жылдың мамыр айының соңында «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясы Ресейдің «Росатом» компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы Курчатов қаласында АЭС салу туралы келісімге қол қойған. Келісім Қазақстанда қуаты 300-ден 1200 мегаваттқа дейін жететін АЭС салуды көздейді.

Ал екінші АЭС салатын жер ретінде Алматы облысында Балқаш көлі маңындаға Үлкен ауылы ұсынылған. Бірақ екінші АЭС-тің нақты қай жерге салынатыны әлі шешілген жоқ.

XS
SM
MD
LG